Информационно-аналитический центр нефти и газа

Жаңалықтар

 

«Қашағанда» мұнай өндіру қайта жанданды

21 Мамыр, Сейсенбі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қашанғадағы мұнай өндіру жұмыстары  жоспарлы мерзімнен 10 күн ерте жанданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қашаған кенішіндегі техникалық қызметтің жоспарлы алдын алу шаралары уақытынан 10 күн ерте бітіп, мұнай өндіру жұмыстары қайта жанданды. Әзірге кеніште тәулігіне 70 мың баррель мұнай өндірілуде. Ал маусым айының басында өндіріс 100 пайыз күшіне еніп, тәулігіне 370-400 мың баррель мұнай алынбақ.
ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, техникалық қызметтің алдын алу шаралары 35 күннің ішінде сәтті аяқталған.
«Бастапқыда аталмыш жұмыстар 45 күнде бітеді деп жоспарлағанбыз. Министрлік пен мұнай компаниясының жеделдік танытуы арқасында 10 күн ерте аяқтадық. Осының арқасында жыл соңына дейін жоспардағыдан 3 млн баррель мұнай көп өндіретін боламыз». - дейді министр.
14 сәуірде Қашаған кенішінің операторы «Болашақ» зауыты мен «Д» өндірістік аралында күрделі жөндеу жұмыстарын бастаған болатын. Осыған байланысты кеніштегі мұнай өндіру жұмыстары толықтай тоқтатылған еді. Қазіргі таңда кеніште қондырғыларды іске қосу жұмыстары жүріп жатыр.

https://www.inform.kz

Өтініш бергіңіз келмей ме?

Тегі, Аты
Электронды пошта
Телефон нөмірі
Компания
CAPTCHA
Кодты енгізіңіз