Информационно-аналитический центр нефти и газа

Жаңалықтар

 

Теңіз кенішінен 3 мыңға жуық адам шығарылды

22 Сәуір, Сәрсенбі
ҚазАқпарат –Атырау облысындағы Теңіз кенішінен 3 мыңға жуық адам шығарылды. Бұл туралы өңірлік жедел штабтан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Теңізшевройлдың» және өзге де мердігер компаниялардың​ ​ жұмысшыларын Теңіз кенішінен уақытша шығару жалғасуда. Кен орнынан 17 мың адам шығарылады. Оның ішінде Атырау облысының ​ 7191 тұрғыны бар», деп хабарлады төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтан.​ Штабтың мәліметіне сүйенсек, 16 сәуірден бері Теңіз кенішін 2868 жұмысшы тастап шыққан. Олардың 1619-ы – Атырау облысының тұрғыны. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысына​ –​ 283, Түркістан облысына –​ 241, Қызылорда облысына​ –​ 166, ​ Жамбыл​ облысына​ ​ – 103, ​ Ақтөбе облысына​ ​ 455 адам жеткізілген. «Теңіз кеніші аумағынан шығарылар алдында барлық жұмысшы ​ COVID-19 инфекциясына міндетті тестті тапсырды. «Теңізшевройл» компаниясы жұмысшылардың тұрғылықты мекен-жайына жеткенге дейінгі барлық жол шығынын өз есебінен төлейді. Жұмысшыларды шығаруға автобус, әуе және темір жол көліктері қолданылуда», -деді өңірлік жедел штабтан. Ал, ТШО компаниясы басшыларының айтуынша, Теңіз кенішінен тікелей өндіріске қатысы жоқ персоналдар шығарылуда.​ Компанияның өндірістік қызметі өз жұмысын штаттық режимде жалғастырып жатыр.​

www.inform.kz

Өтініш бергіңіз келмей ме?

Тегі, Аты
Электронды пошта
Телефон нөмірі
Компания
CAPTCHA
Кодты енгізіңіз