Информационно-аналитический центр нефти и газа

Жаңалықтар

 

Қазақстанда шикі мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі құрылуда

25 ноября, Сәрсенбі

Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі ЦДИАӨМ және «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп шикі мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін құруда. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев бүгін, 24 қарашада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Министрдің айтуынша, бұл жүйені енгізу мұнайды өндіру, өңдеу және тасымалдауды есепке алуды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы мұнай және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі пилоттық режимде іске қосылды. Мұнай айналымы субъектілерінің ақпараттық жүйелерін кезең-кезеңімен қосу мақсатында Есептеу құралдарымен жабдықтаудың бас схемасы бекітілді.

Мұнай және газ конденсатын есепке алу ақпараттық жүйесіне деректер мұнай-газ саласы субъектілерінде орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптары мен бағдарламалық жасақтама арқылы келіп түсетін болады, бұл өз кезегінде IT-компанияларға мұнай-газ нарығында өздерінің ақпараттық жүйелерін енгізуге мүмкіндік береді.

МЕАЖ енгізуден болатын әсер:

- жедел деректер негізінде жедел басқару шешімдерін мемлекеттік деңгейде қабылдауды қолдау;

- ұйымның өндірістік объектілерінде орнатылған есептке алу  құралдарынан алынған жедел деректер негізінде шикі мұнай және газ конденсатының айналымын болжау мүмкіндігі;

- материалдық балансты автоматты түрде есептеу;

- есептеу құралдарынан алынған мәліметтер негізінде есептерді автоматты түрде құру.

Өтініш бергіңіз келмей ме?

Тегі, Аты
Электронды пошта
Телефон нөмірі
Компания
CAPTCHA
Кодты енгізіңіз