Информационно-аналитический центр нефти и газа

Жаңалықтар

 

Биыл «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры пайдалануға беріледі.

17 Ақпан, Сәрсенбі
Биыл мұнай өнімдерін биржалық саудаға кезең-кезеңмен шығару жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2021 жылы отын-энергетика кешені көрсеткіштеріне қол жеткізу келесі жобалар мен бастамалар арқылы қамтамасыз етіледі. Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасында газды кері айдау 4-ші компрессорының жобасы аяқталуда. Бұл өз кезегінде сұйық өнімді өндіруді жылына 11-12 млн тонна деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді», - деді министр. Оның атап өтуінше, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарын тұрақты мұнаймен қамтамасыз етуге бағытталған, өткізу мүмкіншілігі жылына 6 млн тоннаға дейін болатын «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры реверсі пайдалануға беріледі. «Сонымен қатар, биыл мұнай өнімдерін биржалық саудаға кезең-кезеңмен шығару жоспарлануда, бұл мұнай өнімдеріне әділ және ашық баға белгілеуді қамтамасыз етеді», - деді Нұрлан Ноғаев.

Дереккөз: www.inform.kz

Өтініш бергіңіз келмей ме?

Тегі, Аты
Электронды пошта
Телефон нөмірі
Компания
CAPTCHA
Кодты енгізіңіз