Информационно-аналитический центр нефти и газа

Жаңалықтар

 

Құны 860 млн долларлық газ өңдеу зауытының құрылысы басталады - министр.

29 Наурыз, Дүйсенбі
Биыл құны 860 млн АҚШ долларлық газ өңдеу зауытының құрылысы басталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты.
«Биыл Қашаған кен орнының шикізаты базасында қуаты 1,150 млрд текше метр шикі газын, құны 860 млн АҚШ долларын құрайтын газ өңдеу зауытының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Болашақта оны жылына 4-5 млрд текше метрге дейін одан әрі кеңейту қарастырылуда», - деді министр. Оның атап өтуінше, аталған жобаны іске асыру нәтижесінде – қосымша 800 млн текше метр тауарлық газ өндіріліп, зауыт құрылыс кезеңінде 2 800, пайдалану кезеңінде 600 адамға жаңа жұмыс орындары ашылады. «Осы зауыт аясында мұнай-газ химия үшін бағалы шикізат саналатын тауарлық және сұйытылған газдың қосымша көлемі алынады. Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды және Engineering Procurement Construction мердігері анықталды. Жұмыс күшін жұмылдыру, іргетас аумақтарын дайындау жүргізілуде. Зауыттың құрылысын аяқтау 2023 жылдың соңына жоспарланып отыр», - деді Нұрлан Ноғаев.

Дереккөз: www.inform.kz

Өтініш бергіңіз келмей ме?

Тегі, Аты
Электронды пошта
Телефон нөмірі
Компания
CAPTCHA
Кодты енгізіңіз