KIOGE 2021 KӨРМЕСІ

27-ШІ «МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ

 
       KIOGE (КИОГЕ) – мұнай-газ саласының негізгі даму үдерісін және инновациялық технологияларын танытуға арналған беделді алаң. Салалық маңызды оқиғалардың бірі ретінде, мұнай-газ саласына арналған нақты шешімдерді әзірлеуге және өзекті экономикалық идеяларды дамытуға септігін тигізеді.
 
       Шараның мақсаты – Қазақстанның мұнай-газ саласының мәселелері мен көкейкесті тақырыптарын, «ақылды» технологияларды енгізуді, мұнай шығарушы үрдістерді цифрландыруды талқылау және жаю.
 
       2018 жылғы наурыз айының басында Астана қаласында «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені бірлестігі қауымдастығы мен «Iteca» қазақстандық көрме компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.
 
       Екі маңызды шараның, KAZENERGY форумының және KIOGE Қазақстандық халықаралық көрмесі мен конференциясының ұйымдастырушылары ретінде, оқиғаларды екі жылда бір рет мерзімінде өткізу туралы шешім қабылданды.
 
       KIOGE дәстүрлі түрде ҚР Энергетика министрлігінің, «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені бірлестігі қауымдастығының, Алматы қаласының әкімдігінің, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ, «KazService» Қазақстанның сервистік компаниялар одағының, Мұнай-газ саласында стратегиялық серіктестіктерді дамыту кеңесінің, Қазақстандық мұнайшылар және геологтар қоғамының ресми қолдауымен өтеді.
 
KIOGE 2021 көрмесіне қатысушылар үшін толық ақпарат

Дереккөз: www.kioge.kz