Маңғыстаулық шенеуніктер газ мәселесінің қашан шешілетінін айтты.

Маңғыстауда бірнеше күннен бері облыстағы газ құю бекеттерінің бірінде сұйық отын болмаса, енді бірінде ұзын-сонар кезек.
Жүргізушілер сағаттап кезек күткенімен енді жете бергенде отын таусылып қалады. Демалыс күндері халықты сергелдеңге салған газ мәселесі бүгінде де күн тәртібінен түскен жоқ. Сұйық отынның тапшылығына байланысты Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ресми ақпарат таратты.

Дереккөз: www.inform.kz