Қазақстанда жергілікті қамтуды дамыту қоры құрылады

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыру аясында министрлік жүргізіп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Мемлекет басшысы өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында Үкіметке жыл соңына дейін қазақстандық қамтуды арттыру бойынша нақты ұсыныстар дайындауды тапсырды.

Нұрлан Ноғаев қазіргі уақытта Министрлік мұнай-газ секторы нарығындағы жергілікті қамту үлесін ұлғайтуға қабілетті екі бастаманы іске асырып жатқанын, оларды жақын арада іске асыру жоспарланғанын айтты.

Бірінші, бұл – Жергілікті қамтуды дамытудың тікелей инвестициялар қорын құру.

«Шеврон» компаниясы Республика алдындағы өзінің қайта инвестициялау міндеттемелері шеңберінде  248 млн. АҚШ долл. мөлшерінде жергілікті қамтуды дамытуды жоспарлап отыр.

Инвестициялар технология мен IT, базалық тауарлар шығару және мұнай-газ секторы мен қоршаған ортаны қорғауға арналған жабдықтардың жекелеген түрлерін құрастыру бойынша үш бағытқа салынады.

10 жыл ішінде Қор қызметінің Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өніміне оң әсері шамамен $642 млн. (немесе шамамен 270 млрд. теңге) құрайды деп күтілуде.

Қазіргі уақытта импортталатын тауарлар мен қызметтердің белгілі бір бөлігі ел ішінде өндіріледі деп жоспарлануда, бұл импортты $86 млн. немесе 36 млрд теңгеге азайтуға алып келеді.

 

Екіншіден, бұл – мұнай-газ машинасын жасау мен сервисті дамыту халықаралық орталығын құру.

Аталған Орталық жұмысының мақсаты – жаңа өндірістер мен қызмет сервистік орталықтар ашу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған отандық тауар өндірушілер (OTP) мен сервистік компаниялардың мүмкіндіктерін кеңейту арқылы Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласы үшін, атап айтқанда үш оператордың (НКОК, КПО, ТШО) мұқтаждықтары үшін тауарларды/көрсетілетін қызметтер өндірісін оқшаулау.

 

Бұл Орталық операторлардың қажеттіліктері үшін тауарларды/көрсетілетін қызметтерді өндіруде және жеткізуде жергілікті тауар өндірушілердегі/сервистік компаниялардағы бар олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді.